Basty bet
«Ән мен би керуені» Үндістанда: «Ақкербез» ансамблі қазақ өнерін халықаралық сахнада танытты
Халықаралық байқаулардың лауреаты саналатын ансамбльдің Үндістанға сапары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті мен ҚР Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен, Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Жобаның басты мақсаты – үндістандық көрермендерді қазақ халқының бай мәдени мұрасымен таныстыру және екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту.
Бағдарлама аясында жаңа шығармашылық байланыстар орнатылып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар бұл бастама жастар арасындағы мәдени әріптестіктің дамуына серпін берді.
Концертке ҚР мәдениет саласының үздігі, балетмейстер Айжан Қонарбаева, сондай-ақ солистер Динара Маханова мен Динара Диханбаева қатысты.
Аталған мәдени жоба Қазақстанның ұлттық өнерін халықаралық деңгейде танытуға ықпал етіп, елдер арасындағы рухани әрі мәдени байланысты одан әрі нығайтуға жол ашты.