Basty bet
Су тасқынының алдын алу
Құрметті а/о әкімдері, қатысты мекеме басшылары және аудан тұрғындары!
Ағымдағы жылдың 12 және 13 ақпан күндері аудан аумағында қалың қардың жауу салдыры бойынша қазіргі 18,19, 20 ақпан күндері күн райының күрт жылынуына және қалың қардың қарқынды еруіне байланысты аудан аумақтарында су тасқыны қаупі туындауы мүмкін.
Осыған орай, төтенше жағдайлардың алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төмендегі шараларды шұғыл түрде ұйымдастырған жөн:
- Аудан аумағындағы өзендер, су қоймалары, каналдар мен арық жүйелерінің жай-күйін толық тексеріп, су өткізу арналарының тазалығын қамтамасыз етілгендігі жөн;
- Қардын су жиналуы ықтимал учаскелерді айқындап, тәулік бойы тұрақты мониторинг жүргізу қажет;
- Арнайы техникалар, сорғы құралдары (мотопомпа), инертті материалдар (құм, қиыршық тас), құм толтырылған қаптар қорын жеткілікті көлемде дайындау;
- Таулы аймақтарда, демалыс орындарында сырғанауға жол бермеу;
- Елді мекендердегі әлеуметтік нысандардың (мектептер, балабақшалар, медициналық ұйымдар) қауіпсіздігін ерекше бақылауға алу қажет;
- Қажет болған жағдайда халықты көшіру бойынша эвакуациялық жоспарларды нақтылап, дайындық деңгейін тексеру;
- Әрбір тұрғын үй иесі өз ауласындағы арық-атыздарды, жолдарды қардан және қоқыстан тазатқаны жөн.
Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі