Ádebıet

Қаһарман ер – Бауыржан

Талай дана үзіп берді «қара жіпті» қазаққа,
Талай ақын өлеңдерін зарлап өтті заманға.
Қазағымның нар тұлғалы ұлдары,
Өшпестей ғып қалдырды атын,
Тарихымның төріне һәм ғаламға.

Жұлдызы биік Жуалының қасиетті жерінде,
Мыңжылдық тарихы бар Мыңбұлақтай елінде.
Мыңбұлақтың жадыраған күн-шырайлы өлкесі,
Батыр Баукең туылыпты бұл елде.

Ертегісін тыңдап өсті әжесінің қолында,
Алатаудың жадыраған күн-шырайлы маңында.
Момыш баба үйретіпті найза ұстауды қолына,
Бауыржан батыр болған сол бір өткен заманда.

Жастық шағы соғыспенен тұс болған,
Ел ішінен шықты батыр, менмін деген ұлдар да.
Бауыржанды тудырған өр Жуалым,
Соғыс желі уілдеп аттандырды майданға.

Ерлікпенен жауды жеңіп, оралды өз еліне,
Сағынған жұрт қарсы алды, қуанышпен жері де.
Қуаныштан жарылардай жүрегі де елжіреп,
Елін, жерін қорғағанға алғыс айтты елі де.

Қаһарман ер Бауыржаным,
Қалың жаумен күрескен,
Шын жүректен жыр арнаймын,
Жүректерді тебіренткен.
Туған күні Бауыржан ер атамның,
Жүрек сырын ақтардым мен шын жүректен!
Сабина КЕҢЕС,
№2 Мыңбұлақ орта мектебінің
8 сынып оқушысы
Қайрат ауылы

Таңдаулы материалдар

Close