Мәдениет қызметкерлерінің өнері – халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады
Жуалы ауданында ұйымдастырылған ұлттық ойындар мен референдум аясында мәдениет қызметкерлері халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында өнер көрсетуде. Олар дәстүрлі ән, би, музыкалық қойылымдар арқылы қатысушылардың көңілін көтеріп, мерекелік атмосфера қалыптастырып отыр. Мұндай іс-шаралар халықты біріктірумен қатар ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптеуге де ерекше үлес қосады.