Basty bet
Менің қауіпсіз демалысым!
Көптен күткен ыстық күндер келді. Жазғы маусымның басталуымен барлық су қоймаларында демалушылар саны күрт артады. Жаз-демалу үшін ең қолайлы уақыт. Өзіңізге және қоршаған ортаға пайдалы демалу үшін судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрену керек.
Есіңізде болсын! Қайғылы оқиғалардың негізгі себебі-қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу.
Жуалы ауданы азаматтық қорғау саласындағы қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, су айдындарында балалардың өлімінің алдын алу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әр күн сайын профилактикалық және насихаттық жұмыстарды белсенді жүргізеді.
Сондай-ақ, ыстық күндердің басталуына байланысты оқушыларға, мұғалімдерге және ата-аналарға жазғы шомылу маусымында судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсіндірумен қатар демалыс және мереке күндері рейдтер жүргізілді.
Бұл бағытта жазғы шомылу маусымының соңына дейін профилактикалық жұмыстар жалғасатын болады.
Жуалы ауданы ТЖБ