Basty bet

Облыстың үздік мейіргері анықталды

12- мамыр халықаралық мейіргерлер күні. Осыған орай бүгін облыстың үздік мейіргері анықталды. Тараз қаласы мен аймаққа қарасты аудандардан келген қатысушылар төрт кезең бойынша бақ сынасты.

Жалпы байқауға 10 мейіргер қатысып, кәсіби біліктіліктерін көрсетті. Сондай-ақ, кезеңдер бойынша сынға түскен қатысушылар жауапты, жедел шешім қабылдау арқылы тәжірибе жинақтап, сұрақ-жауап бөлімінде теориялық білімдерін шыңдай түсті. Үздіктерге алғыс хатпен қаржылай сертификаттар табысталды.

Таңдаулы материалдар

Close