Basty bet
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығарып, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақсаан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі – осы жемқорлықпен күресу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу – еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-бірінен ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын. Әрбір қоғам дамуының күнгей жағымен қатар көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалы жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді және халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кері тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтың алдын алу және олардың жолын кесу болып табылады. Осы заңмен, мемлекеттік міндетті атқаратын және де оларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін, мүмкіндіктерін пайдалана отырып, пайда табу сыбайлас жемқорлық деп анықталған. Мемлекеттік тиісті органдар сыбайлас жемқорлықпен күресті жүйелі түрде жалғастырып, пәрменді шаралар көріп отырғаны баршаға белгілі. Оның айтарлықтай нәтижесі де бар. Олар туралы бұқаралық баспасөз бетінде, теледидар және радио арқылы қоғамға жеткізіліп жүр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттің дамуы мен қоғамның әл-ауқатын жақсартудың маңызды шарты. Бұл күрес кешенді шараларды қажет етеді. Соның ішінде: заңнаманы күшейту, ашықтық пен есептілікті арттыру, цифрландыруды енгізу, қоғамдық сананы өзгерту, журналистік және қоғамдық бақылау, халықаралық ынтымақтастық бар.
Нұркелді АХМЕТОВ,
аудандық Жастар ресурстық орталығының заңгер-маманы