Basty bet
Балалардың судағы қауіпсіздігі
Жазғы аптап ыстық мезгілде балалардың суда шомылғылары келетіндігі бәрімізге мәлім. Жыл сайын еліміздің су айдындарында және бассейндарда шомылу кезінде көптеген балалар жарақат алып, қаза болып жатады. Қайғылы жағдайлардың басым көпшілігінде балалар суда ата-аналары мен ересектердің қарауынсыз қалғандығынан. 2024 жылы Жуалы ауданы аумағында құрылмалы заманауи бассейнда 1 бала суға батып қаза болған. Балалардың судағы және каркасты заманауи бассейндердегі қауіпсіздігі өте маңызды. Тіпті таяз суда да жазатайым оқиғалар болуы мүмкін, сондықтан қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет.
Судағы жалпы қауіпсіздік ережелері
– Балаларды суда ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.
– Ересек адам әрдайым жақын жерде болып, баланы бақылауы керек.
– Баланың жүзу дағдыларына қарамастан, қауіпсіздік құралдарын (жас ерекшелігіне сай құтқару кеудешесін) қолданған жөн.
– Су маңында жүгірмеуге, бір-бірін итермеуге үйретіңіз.
– Балаларға суға секірмеуге үйретіңіз.
Каркасты бассейндердегі қауіпсіздік
Каркасты бассейндер үй жағдайында кең таралған, бірақ олар да қауіп төндіреді:
– Бассейннің берік және тегіс жерге орнатылғанына көз жеткізіңіз.
– Бассейн баспалдағынан балалардың суға секірмеуін үйретіңіз.
– Пайдаланылмаған кезде бассейнді арнайы қақпақпен жабыңыз.
– Бассейн айналасын тайғанамайтын жабынмен қамтамасыз етіңіз.
– Су сүзгісі мен сорғы жабдықтарының дұрыс жұмыс істеуін бақылаңыз.
– Электр жабдықтарын судан қауіпсіз қашықтықта орналастырыңыз.
Балаларды жүзуге үйрету
– Ерте жастан бастап судағы қауіпсіздік дағдыларын үйретіңіз.
– Баланың жасына сәйкес жүзу сабақтарына қатыстыру пайдалы.
– Балаларға төтенше жағдайда көмек шақыру жолдарын түсіндіріңіз.
Төтенше жағдайға дайындық
– Алғашқы көмек қобдишасы қолжетімді жерде болуы керек.
– Ересектер жүрек-өкпе реанимациясының (ЖӨР) негізгі әдістерін білгені дұрыс.
– Төтенше қызметтердің телефон нөмірлерін жақын жерде сақтаңыз.
Құрметті ата-аналар балалардың қауіпсіздігі үшін ең тиімді шара — үздіксіз бақылау. Қауіпсіздік құралдары мен бассейн жабдықтары ересек адамның қадағалауын алмастыра алмайды.
Ата-аналар, балалардың өміріне абай болыңыздар!
Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі