Basty bet

Жамбыл облысы Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі әкімінің сайлауына үміткерлер 2026-2030 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы

Құрметті Көкбастау ауылдық округінің сайлаушылары!
Еңбек жолымды 2013 жылы Жуалы ауданы әкімінің аппаратының персоналды басқару бөлімінде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасынан бастадым.
2015-2019 жылдары Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман – іс қағаздар жүргізушісі;
2019-2022 жылдары Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі әкімі аппаратының іс жүргізу және есеп бөлімшесінің басшысы;
2022 жылдың шілде айынан бастап Көкбастау ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келемін.
Мен жергілікті округтің қазіргі проблемаларымен жақсы таныспын, барлық күш-жігерім мен ресурстарымды жергілікті халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға және округке қарасты ауылдық елді-мекендерді көркейту үшін жұмсағым келеді.
Сол үшін де Сіздердің қолдауларыңыз қажет!
Мені ауыл əкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:
– Облыстық мәндегі Қосбөлтек ауылы Ә.Қойбақов көшесі жолына орта жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
– Көктөбе және Қосбөлтек ауылдарындағы ауызсу нысандарына қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
– Көктөбе және Қосбөлтек ауылдарына ортақ спорт кешенінің салу;
– Қосбөлтек ауылы О.Жапарқұл көшесін жарықтандыру жұмыстарын толық аяқтауға;
– Теріс ауылына жаңа мәдениет үйін салуға;
– Теріс ауылына бақша суын тарту жұмыстарын жүргізуге, суармалы жүйелерді дамытуға;
– Бақалы ауылы Қызыл-Диқан көшесі жолына орта жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал ететін боламын.
Мен бюджеттің шектеулі екенін түсінемін, сондықтан мен қосымша қаржыландыру көздерін қарастырамын.
– Көкбастау ауылдық округіне қарасты елдімекендерді абаттандыруға және ауылдардың көркеюіне, жергілікті шағын кәсіпкерліктің дамуына күшімді саламын.
– Демеушілерді тарту және жаңа жұмыс орындарын құру бойынша инвесторларды тарту жұмысын жандандыруға өз үлесімді қосамын!

Таңдаулы материалдар

Close