Basty bet

Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігі 2026 жылы әскери міндеттілерді жоспарлы әскери жиындарға шақыру туралы хабарлайды

«2026 жылы әскери міндеттілерді әскери жиынға шақыру туралы» Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңының 33 бабы 1-тармақшасы әскери міндеттілерді әскери жиынға шақыру тәртібін реттеу және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 31 науырыздағы №304 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылы әскери міндеттілерді жоспарлы әскери жиынға шақыру басталды.
Жиындар 2026 жылдың маусым-шілде және шілде-тамыз аралығында өтеді. Іс шараның мақсаты – әскери білім мен дағдыларды жетілдіру, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін қолдау.
«Шақыру қағазын немесе 1414 сервисінен тиісті SMS – хабарлама алған әскери міндетті (сержанттар мен сарбаздар) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге келуі тиіс. Өзіңізбен бірге жеке куәліктің түпнұсқасы мен әскери билет болуы қажет».
Әскери жиындар өткізу кезеңінде әскери міндеттілердің жұмыс орны мен атқаратын лауазымы сақталады (124 – бап ҚР ЕК). Мемлекет есебінен жұмыс орны бойынша орташа жалақы төленеді.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: «Шақырту қағазы бойынша немесе тиісті электрондық хабарлама бойынша келмеу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. 1414 еGov қызметінен келетін СМС-хабарламалар қағаз жүзіндегі шақыртулармен теңестірілген. Мұндай хабарламаны алу, тиісті түрде хабардар ету болып саналады.
Мекен жайы:
Б.Момышұлы ауылы Рысбек батыр көшесі №94.
Жуалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close