Basty bet
Енді Хантау ауылының тұрғындары сапалы ауыз су тұтынады
Мойынқұм ауданына қарасты Хантау ауылында Таза сумен жабдықтау және су тарату нысанының құрылысы аяқталып, салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Іс-шараға Мойынқұм ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Әлібек Нұрадинов, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, жергілікті тұрғындар қатысты.
Салтанатты жиында құттықтау сөз алған ауыл ақсақалы Болат Қуанышбаев нысанның құрылысына ат салысқан азаматтарға алғыс айтып, ақ батасын берді.
Айта кетейік, аталған нысан 900-ге жуық тұрғыны бар Хантау ауылын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жобаның жалпы құны 533,0 миллион теңгені құрайды.