Basty bet
Насихат жұмыстары жүргізілді
Бауыржан Момышұлы ауылындағы «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде жұма күні «Һибатулла Тарази» менің ұстазы Әбдісамат Мирәсілұлы арнайы кездесу өткізді.
Жұма намазының алдында ұстаз жамағатқа тағылымды насихат айтып, «Һибатулла Тарази» медресе-колледжіне 2026–2027 оқу жылына талапкерлерді қабылдау науқанының жүріп жатқанын хабарлады. Сонымен қатар, оқуға түсуге ниетті түлектерге білім ордасындағы оқу және тұрмыс жағдайлары жөнінде жан-жақты мәлімет берді. Атап айтқанда, медресе-колледжде кітапхана, компьютерлік сыныптар, лекциялық аудиториялар, асхана, жатақхана, спорт алаңы және басқа да қажетті материалдық-техникалық база толық қамтамасыз етілгенін атап өтті.
Кездесу барысында жамағатқа арнайы буклеттер мен шақыру қағаздары таратылып, мешіттің ақпараттық тақтасына талапкерлерге арналған хабарландырулар ілінді.
Сондай-ақ, аудан көлеміндегі барлық мешіттерде жұма намазы кезінде имам-молдалар медресе-колледжге түсу мүмкіндіктері туралы насихат жұмыстарын жүргізілді.
Жуалы аудандық мешітінің
баспасөз қызметі