Basty bet
Тараптар арасындағы дау медиация келісімі арқылы шешілді
Жуалы аудандық соты, заңсыз соғылған құрылысты бұздыру туралы азамат К.-ның талап қоюын қарады.
Сот талап қоюшы К.-ның жер учаскесін А. азаматынан 2 млн теңгеге сатып алғанын анықтады. Талап қоюшы әкімдікке сауалнама жібергенге дейін учаске құжаттары дұрыс болды, бірақ зерделеу нәтижесінде жер учаскесінде үлкен дүкен ғимараты орналасқаны белгілі болды. Содан кейін талап қоюшы дүкен иесіне құрылысты бұздыруды сұрады, бірақ ол өзінде де жер учаскесіне тиісті құжаттары бар екенін айтып, бас тартты.
Нәтижесінде, сот отырысында сатып алынған учаскеге екі мемлекеттік акт бар екені анықталды, осылайша екі дауласушы тарап жанжалды бейбіт жолмен шешу туралы келісімге келді.
Істі қарау барысында, екі жақты бітімгершілікке жетіп нәтижесінде медиациялық келісімге қол жеткізді.
Медиация шарттарына сәйкес, жауапкер Р. осы заңсыз салынған ғимараттың астындағы жер учаскесінің белгілі бір бөлігін өз есебінен заңдастыруға міндеттенеді.
Келісім сотпен бекітіліп, іс өндірісімен тоқтатылды. Мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.
Шешім заңды күшіне енген.
Лаура МҰСАБЕКОВА,
«Жаңа өмір»