Basty bet
Сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы – қоғамның ортақ міндеті
Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуына, экономиканың өсуіне және қоғамның әл-ауқатына кері әсер ететін қауіпті әлеуметтік құбылыс. Ол заңның үстемдігіне нұқсан келтіріп, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін төмендетеді. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әрбір азаматтың, мемлекеттік мекеменің және қоғамдық ұйымдардың ортақ міндеті.
Сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы – оның туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған шаралар кешені. Бұл бағыттағы жұмыстарға құқықтық мәдениетті арттыру, заң талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету және қоғамдық бақылауды күшейту жатады.
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, қызметтік міндеттерін адал әрі әділ орындауы да профилактиканың маңызды элементі болып табылады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, электрондық форматқа көшіру және ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету адам факторын азайтып, жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» мәдениетін қалыптастыру – профилактиканың басты бағыттарының бірі. Әрбір азамат заң бұзушылыққа бей-жай қарамай, өзінің құқықтары мен міндеттерін жақсы білуі қажет. Тек мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігері арқылы ғана әділетті, ашық және заң үстемдігі орнаған қоғам құруға болады.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – бұл тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның жауапкершілігі. Адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстану, заң талаптарын сақтау және азаматтық белсенділікті арттыру арқылы біз сыбайлас жемқорлықсыз болашақтың негізін қалай аламыз. Ақсай ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан сенім қызметтік нөмірі іске қосылған.
Байланыс тел: 8-726-35-2-32-78
Мақсат Мәтен,
Ақсай ауылдық округінің әкімі