Basty bet
Жаңа саяси мәдениеттің бастауы
Биылғы жылды еліміздің саяси өміріндегі маңызды бетбұрыс кезеңі деп бағалауға толық негіз бар. Себебі, мемлекетімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асырылып, елдің қоғамдық-саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған тың бастамалар қолға алынды.
«Мемлекет басшысының ұсынысымен бұрынғы парламенттік жүйе жаңа сипат алып, қазақ халқының дәстүрлі кеңесу мәдениетімен сабақтас Құрылтай институтын қалыптастыру бастамасы көтерілді. Бұл – ұлттық құндылықтарды заманауи мемлекеттік басқару жүйесімен ұштастыруға бағытталған маңызды қадам. Енді 23 тамыз күні бір палаталы Құрылтайдың депутаттарын сайлаймыз. Бұл саяси науқанға бір кісідей жұмылу қажетпіз.
Құрылтай сайлауы – жаңа кезеңге бастар қадам. Алдағы саяси науқанда Құрылтай депутаттарын сайлау ел өміріндегі ерекше кезең болады, бұл науқанға әрбір азамат үлкен жауапкершілікпен қарап, белсенді қатысуы қажет. Құрылтай құрамына халықтың мұң-мұқтажын терең түсінетін, елдің тәуелсіздігін нығайтуға қызмет ететін, ұлттық болмысты сақтайтын және қоғам игілігі үшін әділетті заңдар қабылдай алатын азаматтар сайлануы тиіс.
«Құрылтай мемлекетіміздің ұлттық болмысын айқындайтын, ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің баянды болуына қызмет ететін, халықтың мүддесін қорғайтын маңызды орган болуы керек. Оның сайлануымен елімізде жаңа саяси әрі мәдени өзгерістердің басталатынына сеніміміз мол. Ата заңдағы өзгерістердің нақты нәтижесін көру үшін ең алдымен оны жүзеге асыратын білікті әрі отаншыл азаматтар қажет. Сондықтан Құрылтай құрамында кәсіби мамандармен қатар, елдің ертеңіне бей-жай қарамайтын, халықтың сенімін ақтай алатын тұлғалар болуы маңызды. Бұл азаматтар Құрылтайдың төрінен табылуы керек». Құрылтай сайлауы: Партиялар үгіт-насихат кезеңіне кірісті бұл сайлау науқанының бұрынғылардан өзгеше екенін ерекше атап өтті. Өйткені оның бағыты мен мақсаты жаңаша сипатқа ие. Сондықтан әрбір сайлаушы партиялардың сайлауалды бағдарламаларымен мұқият танысып, ел болашағына қызмет ететін үміткерлерге саналы таңдау жасауы керек. Құрылтай шынайы халықтық мүддені қорғайтын, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін және жаңа саяси мәдениетті қалыптастыратын институтқа айналуы тиіс.
Фариза АЙТБЕК,
аудан әкімінің
баспасөз хатшысы