Basty bet
Ақылы тасжолда мемлекеттік нөмірін жасырмақ болған жүргізуші қамауға алынды
Жуалы аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 590 б. 4-б., (Көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірдегі көлік құралын басқару) бойынша А.-ке қатысты әкімшілік құқықбұзушылық іс қаралды.
Іс материалына сәйкес, А. азаматы әртүрлі жүк көлігін басқарып бара жатқанда, Жуалы ауданындағы «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» трассасының 553-шақырымында ЖОБҚ қызметкерлерімен тоқтатылған. Көлік нөмірін тексеру кезінде нөмірдің бір әрпін жауып тұрған кішкентай қағаз парағы анықталды. Бейнебақылау камерасы осы қағазды анықтап, талдау жүргізген соң, бұл көлік бір маркалы және бір иесіне тиесілі екендігі туралы нәтиже берді, бұл жол полициясына аталған көлікті тоқтатуға негіз болды. Нәтижесінде құқықбұзушыға қатысты хаттама толтырылды.
Өзінің түсініктемесінде құқық бұзушы нөмірдегі қағазды байқамағанын және оны қайнысы әзіл ретінде жасағанын мәлімдейді.
Жоғарыда аталып өткен құқықбұзушылық үшін 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа және 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сот қаулысымен А. кінәлі деп танылып, оған ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөл. бойынша 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Лаура МҰСАБЕКОВА,
«Жаңа өмір»
