Basty bet
Жамбылда әлеуметтік әріптестікке арналған ІІ облыстық форум өтті
Жамбыл облысындағы «Бақытты болашақ» оқушылар сарайында Қазақстан кәсіподақтары күні мен Мұғалімдер күніне орай білім саласындағы әлеуметтік әріптестердің «Әлеуметтік әріптестік: ортақ мүдде, ортақ жауапкершілік» атты ІІ облыстық форумы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестікті нығайту, еңбек қатынастарын жетілдіру және қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы жұмысты дамыту.
Форум аясында «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының атынан кәсіподақ мүшелеріне алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табысталды.
Марапаттау кезінде олардың білім беру саласын дамытуға, еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға қосқан үлестері атап өтілді.
Жиын әлеуметтік әріптестікті нығайтуға, білім беру ұйымдары мен кәсіподақтар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және еңбек адамдарының еңбегін бағалауға бағытталды.