Basty bet
Құрметті Жамбыл облысы мен Тараз қаласының тұрғындары!
Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету бойынша аса маңызды тапсырмаларды тікелей орындайтын бірден-бір мемлекеттік мекеме болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету – мемлекетіміздің қауіпсіздігінің негізгі тірегі екендігі сөзсіз.
Осы себепті 2026–2027 оқу жылдары Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара академиясы, Ресей Федерациясының жоғары әскери оқу орны, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрлық әскерінің әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына, Түркия Республикасының жоғары әскери оқу орны мен Ұлттық Ұлан академиясы секілді жоғары әскери оқу орындарына қабылдау жұмыстары жүргізіледі. Осы себепті оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған және жиырма екі жастан жоғары емес Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданатындығын хабарлаймыз.
Отанымыздың қасиетті шебі мен бейбітшілігін, қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз ету ісіне атсалысайық!
Үміткерлерді қабылдау жұмыстары Тараз қаласы, Т. Әшімбаев көшесі, №1 мекенжайы бойынша күнделікті сағат 09:00-ден 18:00-ге дейінгі уақытта жүзеге асырылады.
Телефон нөмірлері: 8 (7262) 470-058 (092), сағат 18:00-ден кейін 8-777-398-67-31.