Basty bet

Діни экстремизмнің алдын алу – ортақ міндет

Қазіргі таңда қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу – баршаға ортақ маңызды міндеттердің бірі. Елдің тыныштығы мен тұрақтылығы, халықтың бейбіт өмірі және жас ұрпақтың жарқын болашағы қоғамдық келісім мен өзара сыйластыққа тікелей байланысты.
Діни экстремизм – қоғамдағы татулық пен тұрақтылыққа қауіп төндіретін, адамдардың арасында алауыздық пен төзімсіздіктің таралуына себеп болуы мүмкін құбылыс. Ал, терроризм адам өмірі мен қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді. Мұндай келеңсіздіктердің алдын алу үшін тұрғындардың құқықтық және діни сауаттылығын арттырып, жастардың бойында дұрыс дүниетаным мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру маңызды.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда интернет пен әлеуметтік желілердің ықпалы артып келеді. Ақпараттың қолжетімділігі пайдалы мүмкіндіктерге жол ашқанымен, оны теріс мақсатта пайдалану қаупін де жоққа шығаруға болмайды. Әсіресе, жастардың санасына әсер етуге бағытталған жалған ақпараттар мен радикалды көзқарастардан сақ болу қажет.
Бұл ретте, өскелең ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беру – отбасы мен білім беру ұйымдарының маңызды міндеті. Ата-аналар балаларымен ашық сөйлесіп, олардың қызығушылығына назар аударып, өмірлік қиындықтарын бірге талқылауы керек. Ал, мектептерде құқықтық және діни сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілгені абзал.
Діни экстремизмнің алдын алу – бұл науқандық жұмыс емес, бұл – үздіксіз жүретін процесс. Тәуелсіздігіміздің тірегі де, еліміздің басты байлығы да – бейбітшілік, бірлік және келісім.

Мәлік Сейтаев,
Көкбастау ауылдық
округінің әкімі

Таңдаулы материалдар

Close