Basty bet
Қазақстан – әлемдегі цифрлық мемлекеттердің ТОП-16 қатарында!
Қазақстан БҰҰ-ның Электрондық үкіметті дамыту индексінде (UN EGDI) 193 елдің арасында 24-орыннан 16-орынға көтерілді. Ең бастысы, еліміз алғаш рет электрондық үкіметі ең жоғары деңгейде дамыған 21 мемлекеттің қатарына енді!
Енді Қазақстан Оңтүстік Корея, Дания, Сингапур, Ұлыбритания, Эстония және АҚШ сияқты цифрлық көшбасшылармен бір қатарда.
Қазақстанның индекс көрсеткіші 0,9009-дан 0,9363-ке дейін өсті. Бұл – әлемдік орташа көрсеткіштен (0,6675) айтарлықтай жоғары нәтиже.
Бұл жетістікке қалай қол жеткіздік?
Мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы онлайн қолжетімді; ✅ eGov.kz порталында 16,4 миллионнан астам пайдаланушы тіркелген; ✅ 2026 жылдың қаңтар-қазан айларында 51 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген; ✅ eGov Mobile және eGov Business платформалары дамып келеді; ✅ Жасанды интеллект пен цифрлық инфрақұрылымға басымдық берілуде.
Ең маңыздысы, Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдері арасында көш бастап тұр. Сонымен қатар табысы орташадан жоғары мемлекеттер арасынан ең жоғары рейтингтік топқа енген жалғыз ел атанды.
Бұл – еліміздің цифрлық даму жолындағы үлкен жетістігі, жүйелі реформалардың және технологиялық жаңғырудың нәтижесі.
Қазақстан цифрлық болашаққа сенімді қадам басуда!