El іshі
Олар – біздің мақтанышымыз
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай №9 Абай атындағы орта мектепте Ауған соғысының ардагері Нұрлан Көкеевпен кездесу өтті. Кездесуде Нұрлан Сәрсеқұлұлы өмір жолы туралы айта отырып, Түркіменстан жерінде бес айлық курста оқығанын жеткізді. Сонымен қатар, жақсы қасиетімен көзге түскен ол Кабул қаласында танк айдап, механик-танкист болған.
«Соғыстың аты – соғыс, көз алдымызда жас балалар, қаншама адамдар жан тапсырып жатыр», деп көзіне жас алып, тебірене сөйледі. Сондай-ақ, ол «Отанға деген адал қызметімді от пен оқтың ортасында атқарып, 1988 жылы туған еліме оралдым» деді.
Кездесу барысында оқушылар ардагерге сұрақ қойып, тұшымды жауаптарын алды. Сондай-ақ, оқушылар белсенділік танытып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Олар Ауған соғысының ардагері Нұрлан Көкеевке тілектерін білдіріп, құрмет көрсетті.
Нұржанат ЖОЛТАЙҚЫЗЫ,
№9 Абай атындағы орта мектептің кітапханашысы