Basty bet

Сара даму жолын жалғастырады

2019 жылдың 9 маусымында өткен Қазақстан Республикасы Президентінің бүкілхалықтық сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,96% дауысына ие болып, жеңіске жеткені белгілі.
Міне, жақында елордасы – Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік сарайында ҚР жаңадан сайланған Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінің куәсі болдық.
Мемлекет басшысын ұлықтау рәсімі – бұл Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне ресми кірісу салтанаты. Қалыптасқан рәсім бойынша Мемлекет басшысы оң қолын Қазақстан Республикасының Конституциясына қойып, ел халқына адал қызмет етуге ант берді. Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы оған Қазақстан Республикасының Президенті куәлігін табыс етті.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салған сара даму жолын жалғастыруға, мемлекетті одан әрі өркендетуге, халықтың әл-ауқатын дамытуға күш-жігер жұмсайтынына сендірді.

Қыдырбек ӘБДІХАНОВ,
«Өркен» ШҚ төрағасы.
Көлбастау ауылы

Таңдаулы материалдар

Close