Basty bet

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына!

1. Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-ның негіздемесіне сәйкес, ауданда топырақ-климат жағдайында 2024 жылға ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының ғылыми тұрғыдан негізделген оңтайлы мерзiмдерiн ұсынады.
№ Дақылдар атауы Себу мерзімдері
1 Жаздық арпа Төменгі аймақтарда Таулы аймақтарда 20.03-15.04 аралығы
20.03-20.04 аралығы
2 Мақсары 20.03-25.04 аралығы
3 Дәндік жүгері 20.04-15.05 аралығы
4 Картоп 15.04–15.05 аралығы
5 Көпжылдық шөптер 20.03-15.04 аралығы
6 Қырыққабат Тұқыммен сәуір айының 1 онкүндігі
Көшетпен мамыр айының
2 онкүндігі
7 Сәбіз 25.04-10.05 аралығы
8 Күздік бидай Төменгі аймақтарда Таулы аймақтарда 20.09-15.10 аралығы
01.09-20.09 аралығы
Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген себу мерзімдері көктем құбылмалы болған жағдайда 10-15 күнге ауытқуы мүмкін.
2. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ көктемгі дала жұмыстарына және астық жинау науқанына «Кең дала» бағдарламасы арқылы несиелендіру жүргізуде. Жылдық 5%, несиелендіру 1 жылға қаралған. «Жуалы» несие серіктестігі Б.Момышұлы ауылы, Рысбек батыр көшесі № 69 ( ескі фабрика ғимараты).
3.Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы «Тұқым шаруашылығы туралы» Заңының 13 және 21-баптарына сәйкес, тұқымдарды өндіру мен пайдалануға қойылатын талаптар бойынша міндетті түрде сараптама жасалуы қажет. Сапасы анықталмаған белгісіз сорттарды қолданған тұлға заңнама талаптарын бұзған болып табылатынын, тұқым материалдарын зертханалық сараптамадан өткізбей еккен және тұқымдыққа арналған егістік алқаптарын байқаудан өткізбеген шаруашылықтарға әкімшілік шара қолданылатынын ескертеміз!
Осыған байланысты, 2023 жылдың өнімі үшін егілетін масақты дәнді және майлы дақылдардары тұқымдары тұқымдық зертханадан сараптамадан өткізуге кеңес береміз. Мекенжайы Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі №21, тұқымдық зертхана.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close