Basty bet

Жамбыл шекарасында Қырғыз Республикасына заңсыз өткізілмек болған ірі қара малдың жолы кесілді

Елден малды заңсыз шығару ісіне қатысты енгізілген шектеулер мен өткізу пункттері арқылы ет өнімдерін тасымалдауға қойылған талаптардың күшейтілуіне қарамастан, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің жауапкершілік аймағында үй жануарларын мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізбек болған әрекеттер әлі де тыйылар емес.
2025 жылдың 13 мамырында ауыл шаруашылығы жануарларын өткізу пункттерінен тыс жерлер арқылы мемлекеттік шекарадан заңсыз өткізуге жол бермеу мақсатында мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл алгоритмі аясында, шекарашылардан, полиция қызметкерлері мен ветеринариялық бақылау қызметінің өкілдерінен құралған бірлескен мобильді топ Жамбыл облысы Меркі ауданына қарасты Қызылсай елді мекенінің маңындағы «Түйе қарын» шатқалында Қырғыз Республикасына заңсыз өткізілмек болған 64 бас ірі қара малды ұстады.
Бұдан бөлек, осыған дейін Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Қайыңды» шекара бөлімшесінің жауапкершілік аумағында Қазақстан Республикасынан Қырғыз Республикасына қарай 111 бас ірі қара малды мемлекеттік шекарадан заңсыз өткізу әрекеті тоқтатылған болатын.

ҚР ҰҚК ШҚ-ның Жамбыл облысы
бойынша департаменті

Таңдаулы материалдар

Close