Basty bet

Жаңа Конституция жобасы – білім саласының дамуына серпін беретін маңызды қадам

Бүгін Конституцияның жаңа жобасын түсіндіру аясында білім саласы өкілдерімен мазмұнды кездесу өтті. Жиынға облыс орталығындағы колледж және мектеп директорлары қатысып, елдің болашағына тікелей әсер ететін маңызды құжаттың негізгі бағыттары талқыланды.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының басты басымдықтары кеңінен түсіндірілді. Ата заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың қоғам дамуына, әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге тигізер ықпалы жан-жақты сараланды. Әсіресе білім беру саласына қатысты нормаларға ерекше назар аударылды.
Білім беру – мемлекеттің стратегиялық басым бағыты. Жаңа жоба аясында педагог мәртебесін арттыру, ұстаздардың құқықтық қорғалуын күшейту, балалардың сапалы әрі қолжетімді білім алу құқығын қамтамасыз ету мәселелері маңызды орын алады. Қатысушылар білім беру жүйесін заман талабына сай жетілдіру – елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі тетігі екенін атап өтті.
Сондай-ақ адам капиталын дамыту, жас ұрпаққа қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру, білім беру ұйымдарының жауапкершілігін күшейту мен мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы ұсыныстар талқыланды. Бұл өзгерістер білім сапасын арттырып қана қоймай, қоғамдағы тұрақтылық пен сенімді нығайтуға ықпал ететіні айтылды.
Жиын барысында білім беру ұйымдарының басшылары өз пікірлерін білдіріп, нақты ұсыныстарын ортаға салды. Олар жаңа Конституция жобасы әділетті қоғам қалыптастыруға, елдің тұрақты дамуына және сапалы білім беру жүйесін нығайтуға берік негіз болатынына сенім білдірді.
Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасып, жаңа Конституция жобасының мән-маңызы қоғам арасында кеңінен насихатталатын болады.

Таңдаулы материалдар

Close