Basty bet
Мемлекеттік қызметші үшін жағымсыз құбылыс
Сыбайлас жемқорлық — бұл «оңай ақша» емес. Бұл адамды кәсіби маман әрі тұлға ретінде толықтай күйрететін қайтарымсыз жол.
Бір ғана қате қадамның құны мансап пен беделдің күйреуі. Жылдар бойы адал еңбекпен қалыптасқан кәсіби абырой бір күнде жоқ болуы мүмкін.
Өмірбойғы тыйым. ҚР заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыру қарастырылған. Кері жол жоқ.
Жақындарына ауыр соққы. Ұят, сот процестері, мүлікті тәркілеу және болашақ жоспарлардың күйреуі — бұл ауыртпалықты құқықбұзушымен бірге оның балалары, ата-анасы мен отбасы да көтереді.
Тұрақты қорқыныш. «Тексеру болады» деген үреймен өмір сүру және әрбір цифрлық ізден қауіптену (ал қазіргі МКД жүйелері бәрін көреді) адамның психологиялық жағдайын кез келген жұмыс стресінен де тез бұзады.
Мемлекеттік қызмет — бұл елдің дамуына үлес қосу, адал еңбекпен мақтану және әріптестердің құрметіне ие болу. Ешқандай жалған пайда өз өміріңді құртып, қоғам сеніміне қиянат жасауға тұрмайды.
Жуалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы