Basty bet

«Таза Қазақстан» – бұл Қазақстандағы ауқымды республикалық экологиялық акциясы

🔰2026 жылдың 28 шілде күні Жамбыл облысы әкімдігнің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және «Мәдени-тарихи ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» КМҚК ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Тарихи өлкенің тазалығы» тақырыбында тазалық жұмыстары жүргізілді.

🔰​«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы барысында «Қазақ хандығының 550 жылдығы» монументінде тазалық жұмыстары жүргізілді, іс-шараға мекеме қызметкерлері мен 100 астам жастар қатысты.

🔰«Таза Қазақстан» – бұл Қазақстандағы ауқымды республикалық экологиялық акция, оның мақсаты – елді таза ұстау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты қорғау.

🔰«Таза Қазақстан» бастамасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асырылып келеді. Оның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық жауапкершілікті арттыру, азаматтардың сана мен ой тазалығын сақтау, отансүйгіштік пен табиғатты аялау мәдениетін дамыту.

#тазақазақстан♻️

Таңдаулы материалдар

Close