Basty bet

Б.Момышұлы ауылы тұрғындарының назарына!

Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасының аясында 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап елдімекендердің аумақтарын абаттандырудың Типтік «Ережелері» күшіне енгізілді.
Негізгі өзгерістер мен жаңа талаптар:
-Үйлердің, дүкендердің және басқа да объектілердің иелері учаскенің айналасындағы 5 метр радиустағы аумақты тәртіпте ұстауға міндетті;
-Қоқысты тазалау, шөпті шабу және қасбет пен коршауды күтіп ұстау қажет.
-Құрылыс материалдарын және басқа да заттарды учаске шекарасынан тыс жерде сақтауға тыйым салынады;
-Иттердің иелері серуен кезінде үй жануарларының артынан тазалауды жүзеге асыруға міндетті;
-Құрылыс қоқыстарын қарапайым контейнерлерге тастауға болмайды, оны арнайы полигондарға шығару қажет;
-Қоғамдық орындарда шөп, жапырақ және қоқысты өртеуге тыйым салынады;
-Аулаларда тұрақ орындарын тізбектермен, блоктармен және бағандармен өз бетінше иеленуге, сондай-ақ тасталған көліктерді қалдыруға болмайды!
Аталған талаптарды бұзған тұлғаларға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылык туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік (айыппұл) көзделген. Сонымен қатар бұзғаны үшін заңнамада ескерту немесе 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл көзделген, қайталап бұзған жағдайда – 30 АЕК (129 750 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.
Осыған байланысты санитарлық тазалықты сақтау мақсатында үйлердің, дүкендердің және басқа да объектілердің иелері учаске айналасындағы 5метр радиустағы аумаққа тасталған __________________ 15 күн ішінде реттеуіңізді және аумақ тазалығын тұрақты сақтауыңызды ұсынады.

Бауыржан Момышұлы ауылы әкімінің аппараты

Таңдаулы материалдар

Close