Basty bet
Қараусыз жүрген малдар уақытша ұстау орнына орналастырылды
2026 жылдың 28 шілдесі күні Жамбыл ауданы Шекара басқармасының «Ақсуат» шекара бөлімшесі белгісінің оң қапталындағы 308 мемлекеттік шекара сызығынан қараусыз жүрген 7 бас жылқы малы ұсталып, қазіргі уақытта ауданға қарасты Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппаратына қарасты қараусыз малдарды уақытша ұстау орнына орналастырылды.
Ұсталған малдың иелері болған жағдайда, Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппаратына келуді сұраймыз! Мекенжайымыз: Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылы Ақбастау көшесі №1 үй. Анықтама үшін телефон нөмірі: (8-726-35) 2-63-90.
Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты