Basty bet
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндіктері
Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті ұсыну тәсілдері:
1) “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының (бұдан әрі – қалалық басқармалар), аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері);
3) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – абоненттік нөмір) – проактивті қызмет);
4) www.egov.kz “цифрлық үкіметтің” веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы ұсынылады.
Проактивті көрсетілетін қызмет арқылы рәсімдеу кезінде өтінішті ұсыну талап етілмейді.
Проактивті көрсетілетін қызмет – қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша берілетін, қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
Өтініш берушінің жұмыспен қамту бөлімдерінің анықтамалық қызметтері, “1414” Бірыңғай байланыс орталығы, 8 800 080 7777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Н.Әсілбек,
ЖҚ және ӘБ бөлімінің
бас маманы