Basty bet

Химиялық улану: себептері, белгілері және алдын алу жолдары

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі химиялық заттарды сақтау және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді.
Химиялық улану — улы заттардың тыныс алу жолдары, ас қорыту жүйесі, тері немесе шырышты қабаттар арқылы ағзаға енуінен туындайтын қауіпті жағдай.
Химиялық уланудың негізгі себептері:
-тұрмыстық химиялық заттарды дұрыс сақтамау немесе пайдалану;
-жуғыш және дезинфекциялық құралдарды өзара араластыру;
-химиялық сұйықтықтарды тағамға немесе сусынға арналған ыдыстарға құю;
-дәрілік препараттарды белгіленген мөлшерден артық қабылдау;
-пестицидтерді, бояуларды және еріткіштерді қорғаныш құралдарынсыз қолдану;
химиялық заттармен жұмыс істеген кезде үй-жайды желдетпеу;
химиялық өнімдерді балалардың қолы жететін жерде сақтау.
Уланудың негізгі белгілері:
бас ауруы және бас айналу;
жүрек айну, құсу және іштің ауыруы;
тыныс алудың қиындауы;
көздің және тыныс алу жолдарының ашуы;
терінің қызаруы немесе химиялық күйік;
қатты әлсіздік, естен тану немесе құрысу.
Улану белгілері химиялық заттың түріне, мөлшеріне және ағзаға түсу жолына байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Химиялық уланудың алдын алу үшін:
-химиялық өнімдерді түпнұсқа және таңбаланған қаптамасында сақтаңыз;
-оларды тағамдар мен дәрілік заттардан бөлек орналастырыңыз;
-балалардың қолы жетпейтін жабық жерде сақтаңыз;
-химиялық заттарды сусын бөтелкелеріне немесе тағамдық ыдыстарға құймаңыз;
-өнімді қолданар алдында нұсқаулығын мұқият оқыңыз;
-қолғап, маска және басқа да жеке қорғаныш құралдарын пайдаланыңыз;
-химиялық заттарды қолданған кезде үй-жайды міндетті түрде желдетіңіз;
-әртүрлі тазалағыш және дезинфекциялық құралдарды араластырмаңыз;
-жарамдылық мерзімі өткен немесе қаптамасы бүлінген өнімдерді қолданбаңыз.
Улануға күдік туындаған жағдайда:
-дереу 103 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз;
-зардап шегушіні химиялық зат әсер еткен жерден қауіпсіз аймаққа немесе таза ауаға шығарыңыз;
-улы заттың қаптамасын медицина қызметкерлеріне көрсету үшін сақтап қойыңыз;
-дәрігердің нұсқауынсыз құстырмаңыз, тамақ немесе дәрі бермеңіз.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі тұрғындарды химиялық заттарды пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтауға және балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады.
Қауіпсіздік талаптарын сақтау — химиялық уланудың алдын алудың негізгі шарты!

Мұрат АЛЫБЕКҰЛЫ,
Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

Таңдаулы материалдар

Close