Basty bet

Ел болашағы үшін дауыс береміз!

«Қазіргі геосаяси жағдайда біз мемлекеттілігімізді біртіндеп нығайтып, реформалар мен жаңару бағдарын нық ұстануымыз қажет. Барынша мұқият әрекет жасап, еліміздің ұзақ мерзімді мүддесіне сай жұмыс жүргізуіміз керек» деген Президент Жолдауда күзде Президенттің кезекті сайлауы өтетінін айтқан. Бұл сайлауды өткізу не үшін керек дегенде Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет» деген болатын.
Кез келген қоғамда сыбайлас жемқорлық, экстремизм мен терроризм қаупі, экономикалық дағдарыстар, қырғи қабақ қақтығыстар мен тағы басқа кемшіліктер болады. Мұның барлығы тек бір елге ғана тән емес, бұл – мемлекет басшыларының бірлескен жұмысын қажет ететін ғаламдық мәселе. Әлемдік аренада біздің атымыздан осындай халықаралық түйткілді мәселелерді болашақ президентіміз шешетіндіктен, таңдау жасауда мұқият болу керек. Сіз үшін өзгелер таңдау жасай салатынына сенім артып, алдағы сайлауға бей-жай қарауға болмайды. 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының әрбір азаматы сайлауға қатысуға құқылы және ол таңдау жасау құқығын пайдалануы керек.
Біз неліктен сайлауға қатысып, дауыс беруіміз қажет? Себебі бізге, ел азаматтарына, бірнеше жылда бір рет мемлекетті басқаруға тікелей араласып, таңдау жасауға мүмкіндік беріледі. Мен өмірлік тәжірибеме сүйене отырып, ел президентін таңдау арқылы өз мемлекетімді басқару ісіне араласқым келеді. Ең бастысы, бұл саяси оқиғаға немқұрайды қарамай, өзіміз таңдаған болашаққа қарай қадам жасауымыз қажет. Біз өз таңдауымызды жасау арқылы елімізді басқару ісіне, оның дамуына атсалыса аламыз.

Жексенбай МҮСІРЕПБЕКОВ,
еңбек ардагері.
Теріс ауылының тұрғыны.

Таңдаулы материалдар

Close