Basty bet

Ауылдық округтерде жұмыс жүргізілу үстінде

1 тамыздан бастап Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы науқанының басталғаны белгілі. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығының жай-күйін объективті әрі тұтас бағалауға және осы салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін сенімді деректер көзін алуға мүмкіндік беретін маңызды науқан.
Қазіргі таңда ауданға қарасты әрбір ауылдық округте ауыл тұрғындарымен жиын өткізіліп, түсіндірме жұмыстары кеңінен жүргізілу үстінде. Бұл мақсатта ауданда комиссия құрамы қайта жасақталып, оған қоса іс-шара жоспары бекітіліп, ауыл шаруашылығы санағына байланысты бірқатар жұмыс атқарылды.
Ауданда бұған дейін ұлттық ауыл шаруашылығы санағына шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлер 100 пайыз жеке қосалқы шаруашылықтарды онлайн санақпен қамту бойынша арнайы комиссияның отырысы өтіп, ауылдық округтің әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берілді. Жалпы аудан көлемінде ауыл шаруашылығы санағына дайындық жұмыстары Жамбыл облысы әкімінің 2024 жылғы 13 ақпандағы №18-Ө өкімімен бекітілген «2025 жылы Жамбыл облысы ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының» талаптарына сәйкес жүргізілуде деп айтуға толық негіз бар.
Бүгінгі күнге дейін ауданда санаққа қатысатын барлық субъектілер, заңды тұлғалар, шаруа қожалықтар, ауыл шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлер және жеке қосалқы шаруашылықтардың тізімі анықталған. Ауданға қарасты барлық ауылдық округтің әкімшілігінде ауыл шаруашылығы санағының негізгі кезеңінде респонденттердің онлайн режимде сауалнамадан өтуі үшін өзіне өзі қызмет көрсету аймақтары ұйымдастырылып, жұмыс жүргізіліп жатыр.
Қазіргі таңда ауданға қарасты ауылдық округтердің барлығында ұлттық ауыл шаруашылығы санағына бағытталған бірінші кезеңнің іс-шаралары өтіп, жоғарыда белгіленген ұжымдар санақтан өту үстінде.

Жуалы ауданының
статистика басқармасы

Таңдаулы материалдар

Close