Basty bet

Ел өміріндегі маңызды стратегиялық құжат

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мәтіні жарияланды. Егемендіктің алғашқы жылдарында қабылданған Конституция мемлекетіміздің іргетасын қалауға қызмет етсе, бүгін ұсынылып отырған жаңа Ата Заң елдің жаһандану мен цифрлану дәуіріндегі тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, олардың әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін арттыруға да маңызды құрал.
Конситуцияның жаңа жобасын дайындау кезінде кейінгі жарты жылға жуық уақытта азаматтардан, қоғамдық ұйымдардан, саяси партиялар мен сарапшылардан келіп түскен ұсыныстар, сондай-ақ, комиссия мүшелерінің пікірлері, ескертулері мен ұсынымдары ескерілген. Жаңа Конституция кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады. Негізгі заңның преамбуласы толығымен жаңарды. Онда еліміздің өткенін дәріптейтін, бүгіні мен болашағына бағдар болатын жалпыұлттық құндылықтар көрініс тапты.
Жаңа Конституцияға «Халық кеңесі» мен «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» атты екі жаңа бөлім енгізілген. Тағы 4 бөлімнің атауы өзгерген. Жалпы, өзгерістер мен толықтырулар Ата заңның барлық бөлімін қамтып, 77 бапқа түзетулер енгізілген. Бұл Конституция мәтінінің 84%-ын құрайды. Конституцияның аңдатуы – преамбуласы толық жаңартылып, ұлттық құндылықтар мен қазіргі заманның талаптарын ескере отырып қайта жазылған.
Преамбуланың толықтай жаңартылуы тарихи сабақтастықты, қазіргі даму бағытын және стратегиялық болашақ мақсаттарын нақты көрсетеді. Мұндай жаңарту Конституцияның тек құқықтық құжат емес, сонымен қатар ұлттық құндылықтар мен қоғамның негізгі принциптерін қамтитын құжат екендігін айқындайды.
Бұл құжат тек құқықтық құрал ғана емес, сонымен қатар, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікке негізделген қоғамдық шарт болып табылады. Сондықтан әрбір азамат бұл үдерістен шет қалмай, өз пікірін білдіруі – демократиялық қоғамның маңызды белгісі. Жаңа Конституция тек мемлекеттік билік институттарының құрылымын реттеп қана қоймай, сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын толыққанды қамтамасыз ететін, қоғам мен мемлекеттің өзара сеніміне негізделген құжат болып отыр. Бұл – еліміздің демократиялық дамуы мен құқықтық мемлекет ретіндегі мәртебесін нығайтудың маңызды кезеңі
Жаңа Конституция жобасы – тек заңдық норма емес, сонымен қатар, қоғам мен мемлекет арасындағы диалогтың айнасы. Оның әрбір тармағы азаматтық белсенділікті ынталандыруға, мемлекеттік басқарудағы ашықтықты арттыруға және құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Конституцияның жаңа жобасы – Қазақстан үшін жаңа кезеңнің бастауы, қоғам мен мемлекеттің ортақ болашағын қалыптастыратын маңызды стратегиялық құжат.

Айгүл Қалымханқызы,
“Жаңа өмір”

Таңдаулы материалдар

Close