Basty bet

Санитариялық эпидемиологиялық қызметтің қоғамдағы маңыздылығы

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет – халықтың денсаулығын қорғауға, жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алуға бағытталған маңызды мемлекеттік жүйе.
Осы бағыттардың барлығында санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың маңызы зор. Мысалы, ауыз судың сапасын зерттеу, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау, қоғамдық орындардағы санитариялық жағдайды бағалау- халықты түрлі аурулардан қорғаудың тиімді жолдары.
Қызметтің негізгі мақсаты – адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтап, олардың алдын алу және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің негізгі бағыттары:
жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу;
ауыз судың және тағам өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау;
білім беру, денсаулық сақтау, қоғамдық тамақтану және басқа да нысандардың санитариялық талаптарды сақтауын бақылау;
қоршаған орта факторларының адам денсаулығына әсерін бағалау;
зертханалық зерттеулер мен санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу;
халық арасында санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
төтенше жағдайлар мен инфекциялық ауру ошақтарында жедел шаралар қабылдау.
Санитариялық-эпидемиологиялық мамандар күнделікті өмірде көзге көрінбейтін көптеген қауіптердің алдын алуға үлес қосады. Сапалы ауыз су, қауіпсіз тағам, таза білім беру және медициналық ұйымдар, қолайлы еңбек пен тұрмыс жағдайлары — осы қызметтің жүйелі жұмысының маңызды нәтижелері.
Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық -дені сау қоғамның негізі!

Салтанат АЛИБАЕВА,
Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

Таңдаулы материалдар

Close