Basty bet

Ер – елінің қорғаны

Құрметті ардагерлер және тыл еңбеккерлері!
Қымбатты Отан қорғаушы сарбаздар мен сардарлар!
Қадірменді жуалылықтар!
Баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңістің 79 жылдығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Ұлы Жеңіс күні – қан майданда парыз бен намысты алға қойған қайсар мінезді жауынгерлердің ерен ерлігін, биік рухын ұлықтайтын күн. Бейбіт елдің тыныштығын қорғаған ардагерлерге, шекара шебінде кірпік қақпай Отан күзетінде тұрған сарбаздар мен Отанға қызмет етуші барша жандарға құрмет көрсететін жалпыхалықтық мереке. Бұл күні «Барлығы да майдан үшін! Барлығы да Жеңіс үшін!» ұранымен тынымсыз еңбектің үлгісін көрсеткен тыл еңбеккерлерінің де ерлік істеріне құрмет көрсететін күн.
Құрметті жерлестер!
Сіздерді ел өміріндегі айшықты қос мерекемен тағы да құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, зор бақыт, бейбіт өмір мен біреке-бірлік тілеймін! Тәуелсіздіктің тұғыры қашанда биік болсын!

Ізгі тілекпен,
Зиядхан БҮРЛІБАЕВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close